Наурыз мейрамын атап өту аясында Қонаев қаласында 13–23 наурыз аралығында «Наурыз-Fest» акциясы өткізіледі.

Наурыз мейрамын атап өту аясында Қонаев қаласында 13–23 наурыз аралығында «Наурыз-Fest» акциясы өткізіледі.

Акция кезеңінде ауданның бірқатар сауда орындарында тұрғындар мен қонақтарға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер ұсынылады. Акцияның негізгі мақсаты — халықты қолдау, тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.

Акцияға келесі сауда желілері қатысады:
(Small, Magnum, Toimart, магазин Хантэнгри)

Қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысып, мерекелік жеңілдіктерді пайдалануға шақырамыз.