
Қонаев қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімі жыл қорытындысын жасады.
Электр энергиясымен қамту
1. Саяжайлар мен Гүлдер, 8-10, Мостоотряд, 18, 4-шағынаудандарда 206 шам ауыстырылды;
2. Аталған аудандарда 11 мың метрден астам электр желісі жөнделді;
3. Қала бойынша 20 бағана жаңартылды, 3000 дана жарық шамы орнатылды, 4000 метрден астам электр желісі ауыстырылды.
Ауыз сумен, жылумен қамту
1. «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы аясында 2158 метр ауыз су құбыры, 1806 метр кәріз құбыры жаңартылды;
2. Жылыту маусымына дайындық барысында 2057 метр жылу желісі жөнделді.
Кешенді дамыту жоспарының жүзеге асуы
Жоспарға сәйкес, инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін ТҮКШ бөлімі 53 жобаны қолға алған. Оның ішінде бесеуінің (газдандыру, 8-10-шағынаудан ауыз су мен кәріз құбырын тарту, Шеңгелді ауылында су құбырын жүргізу, «Арна» қосалқы станциясын салу, кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту) құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ал үш жобаның мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынды. Олар: «Қапшағай» және «Көкшіл» қосалқы станциясын салу, Заречный шағынауданында кәріз құбырларын жүргізу.
Қаланы абаттандыру
1. 55 метрлік флагшток орнатылды;
2. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 аумақ абаттандырылды (спорт және балалар алаңы орнатылды);
3. 165 мекенжай бойынша балалар алаңдары, тротуарлар мен тұрғын үйлер алаңдары, қоғамдық орындар жөнделді;
4. Алматы-Қойшыманов көшесінде сквер салынды;
5. Жағажай спортына арналған алаң жөнделді.
Жағажайларды күтіп ұстау
№5 жағажай:
1. Тазалық жұмыстарына күнделікті 20 адам, 5 техника тартылды. 30 қоқыс жәшігі, 40 бөшке, 25 контейнер орнатылды;
2. Қосымша 6 құтқарушы посты орнатылды;
3. Жағажайда 20-дан астам құтқарушы мен медициналық пункт қызмет етті;
4. 6 дәретхана, 5 жуынатын орын, 6 киім ауыстыратын орын жұмыс істеді.
№6-7 жағажайлар:
1. 7 құтқару посты орнатылды;
2. 20 құтқарушы жұмыс істеді;
3. Күнделікті тазалық жұмыстарына 15 адам, 2 техника тартылды. 45 қоқыс жәшігі мен 10 контейнер орнатылды;
4. 40-тан астам кәсіпкермен келісімшарт жасалды;
5. 4 дәретхана жұмыс істеді.
«Таза Қазақстан» акциясы мен санитарлық жағдай
1. 27 стихиялық қоқыс орындары жойылды
2. Дератизация, ағаштарды биологиялық өңдеу, масаларға қарсы дезинсекция жасалды;
3. 30 мыңға жуық ағаш, 60 мың гүл егілді;
4. Жасыл желектерді суаруға 12 қызметкер, 6 техника жұмылдырылды;
5. Саябақтар мен скверлер, қоқыс жәшіктері мен көшелерден жалпы көлемі 90 мың текше метр қоқыс шығарылды;
6. Тазалық жұмыстарына 40-тан астам адам, 15 техника тартылды;
7. 21 үйдің шатыры жөнделіп, 15 үйдің қасбеті сырланды;
8. Тұрғындардан санитарлық жағдайға қатысты 458 өтініш түсіп, орындалды;
9. Қоқыс полигонының аумағында су резервуары салынып, нысан қоршалды.
Аталған бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасатын болады.