Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үй қорының реновациясы бағдарламасы аясында екі бөлмелі пәтер сатып алуға конкурс жариялайды.
Өтінімдер 2025 жылғы 17–24 қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу веб-порталында қабылданады (№ 15390934-1).
Пәтер жеке тұлғаның меншігінде болуы тиіс, Қонаев қаласында (№ 1, 2, 3, 4, 5, 19 және «Спутник» шағын аудандары), ауданы кемінде 48 м², бөлмелері оқшауланған, бөлек ас үйі, санитарлық торабы бар және техникалық талаптарға сай болуы қажет.
Толық шарттар – мемлекеттік сатып алу порталында.