Өнеркәсіп және инвестиция
Есепті кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындары 37,8 млрд теңгеге өнім өндіріп, нақты көлем индексі 96%-ды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 37,8 млрд теңгеге жетіп, НҚИ 167,1%-ды құрады.
Кәсіпкерлік
Қала мен ауылдық округтер аумағында 6875 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Олар 16 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 19,5 млрд теңге салық түсімі қамтамасыз етілді.
Сауда
Бөлшек сауда айналымы 21,9 млрд теңгені құрап, НҚИ 140,3%-ға жетті. Көтерме сауда көлемі 17,1 млрд теңгені құрады, НҚИ – 110,4%.
Жұмыспен қамту
2025 жылдың алты айында 1607 азамат жұмысқа орналасу үшін өтініш білдіріп, олардың 526-сы жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту көрсеткіші – 32,7%.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,7 млрд теңгеге жетіп, НҚИ 102,1%-ды құрады. Жылқы басы – 54,4%-ға, құстар – 2 есеге артты. Сүт өнімділігі 2,1%-ға, жұмыртқа өндірісі 51,7%-ға өсті.
Құрылыс
Жыл басынан бері 14,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2024 жылмен салыстырғанда – 65,2%). Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 8 млрд теңгені құрап, НҚИ 121%-ға жетті.
Қоғамдық тәртіп
Алты айда қала аумағында 297 қылмыс тіркелді. Қылмысты ашу көрсеткіші 87%-ды құрады.