Ақпарат

Ақпарат

2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылғы 19 маусымда қала әкімі төрағалығымен Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. Жолда жүру қауіпсіздігі мен жол апатын алдын алу.
  2. Қараусыз ауыл шаруашылығы және үй жануарларына қарсы күрес.
  3. Кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы және олардың құқықтарын қорғау.
  4. Жазғы суға шомылу маусымында қалалық жағажайда орын алатын ұрлықтарды алдын алу.
  5. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл.
  6. Қала аумағындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі.