Қонаев қаласында құрылыс нысандары, уақытша (мобильді) сауда нүктелері мен абаттандыру жағдайын бақылау жұмыстары жалғасуда. Мониторингке қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және прокуратура бірлесіп қатысуда.
Тексеру барысында 3 және 4-шағынаудандарда рұқсат құжаттарынсыз орнатылған уақытша нысандар анықталды. Аталған нысандардың иелеріне заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы ресми ескертулер берілді. Сонымен қатар, бейберекет сауданы ұйымдастыру мақсатында өздігінен қойылған қоршаулар алынған.
Сондай-ақ құрылыс саласындағы заңнама талаптарына, атап айтқанда, ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабына сәйкес келмейтін нысандар бойынша тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.
Аталған мониторинг жұмыстары Қонаев қаласында сәулет, қала құрылысы және абаттандыру салаларында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.