Қонаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянды шегірткелерден қорғау мақсатында жоспарлы түрде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар өнім көлемін сақтау мен ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшін аса маңызды.
Үйірлі шегірткелерге қарсы күрес:
2025 жылға арналған жоспар бойынша итальяндық прус шегірткелеріне қарсы 2525 гектар жер химиялық өңдеуден өткізілуі тиіс болған. Оның ішінде Шеңгелді ауылдық округінде 2300 гектар алқап толықтай өңделді:
•2100 гектар — әуеден ұшақ арқылы,
•200 гектар — жер үсті әдісімен.
Саяқ шегірткелерге қарсы шаралар:
Жергілікті бюджет есебінен 2450 гектар жерді өңдеу көзделген. Бұл жоспар 100% орындалды. Оның барлығы Шеңгелді ауылдық округінде жүзеге асырылып,
•1700 гектар — ұшақпен,
•750 гектар — жер үсті техникасымен өңделді.
Жалпы көрсеткіш:
Қала бойынша барлығы 4750 гектар жер шегірткеге қарсы өңделді. Сонымен қатар, қосымша 225 гектар алқап аса қажеттілік туындаған жағдайда қолдануға сақтаулы тұр.
Бұл жұмыстардың барлығы агроөнеркәсіп кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, егін шаруашылығына зиян келтіретін жәндіктердің таралуын шектеуге бағытталған. Шегірткелерге қарсы күрес шаралары қала әкімдігінің тікелей бақылауында.