Күні кеше қаладағы кәріз-тазарту жүйесінің жаңғыртудан өтетіні туралы жазған едік. Бүгін кәріз-сорғы станцияларын күрделі жөндеуден өткізу барысы туралы ақпарат ұсынамыз.
🛠 Қонаев қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту аясында 11 кәріз-сорғы станциясына (КСС) реконструкция жүргізілуде. Жұмыстар 2023 жылдың қазан айында басталған. Жобаға КСС №1-ден №11-ге дейінгі нысандар кіреді. Жобаның тапсырыс берушісі — Қонаев қаласының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
✅ Атқарылған жұмыстар:
•11 КСС-тің 9-ында жер жұмыстары мен құбырлар төсеу толық аяқталды.
•9 КСС-ке (№1, 3, 4, 4А, 5, 6, 7, 8, 9) резервтік сорғы станциялары орнатылды.
•7 КСС-ке (№1, 4, 5, 6 – жартылай, 7, 8 – 1 насос, 9) көлденең сорғылар орнатылды.
•Электр желісіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, кейбір нысандар бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на техникалық шарттар алуға өтінімдер жолданған.
•Көптеген станцияларда ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды.
•Бірқатар учаскеде абаттандыру жұмыстары аяқталып, қоршаулар орнатылып, асфальтбетон жабындысы төселді (жартылай).
🔄 Қазіргі уақытта жалғасып жатқан жұмыстар:
•№4А, №6, №11 КСС-те ішкі әрлеу, электрмен жабдықтау, аумақты абаттандыру және жол жабындысын төсеу жұмыстары жалғасуда.
•№11 КСС-те ең көп көлемдегі жұмыс қалды: мұнда 8 резервтік және 2 көлденең сорғы орнату жоспарланған.
•Электромонтаж жұмыстары техникалық шарттар алынбаған КСС-терде жалғасуда.
•Тікбұрышты құдықтар орнату және қоршау жұмыстары атқарылуда.
📊 Нақты деректер:
•Орнатылған:
▪ 9 резервтік сорғы станциясы
▪ 11 көлденең сорғы
•Қосымша орнатылатын:
▪ 8 резервтік сорғы станциясы (тек №11 КСС бойынша)
▪ 6 көлденең сорғы (№3, №4А, №6, №11 КСС)
Қонаев қаласындағы КСС-терді реконструкциялау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және көптеген нысандарда мәреге жақындап қалды. Бұл жаңғырту кәріз жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
__