Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда  сайлау жүйесі қалай қалыптасты?

 Жалпы сайлау жүйесінің тарихына көз жүгіртсек, ежелгі Грекияда елдің негізгі мәселелерін «халық жиналысында» дауыс беру арқылы шешу тәжірибесі болған. Оған қатысатындар күн бұрын ақ жамылғы киіп жүрген. Ақ түс дауыс беруге қатысатын адамның ниетінің түзулігін білдірген екен. Сонымен қатар Еуропа елдеріне де сайлау жүйесі ықылым замандарда енгенге ұқсайды. Англияда 1265 жылы, Францияда 1302 жылы  халық жиындарында сайлаудың алғашқы нышандары байқалған.

Ал бізде ше? Біздің елімізде де сайлау жүйесі көне замандарда халық жиындары түрінде қолданылған. Мәселен, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы»  қағидалары сондай жиындарда халықтың талқылауынан өтіп барып қабылданған екен. Сондай-ақ билердің, жүздердің, ру-тайпалардың өкілдерінің қатысуымен болған сайлаулар бізде өкілдік демократияның дамығанын көрсетеді. Тарихи деректерге жүгінсек, қазақ даласындағы хан сайлауы - тарихи маңызға ие сайлау жүйесінің алғышарттары. Қазақ ақ киізге хан көтерген адамын сайлау мақсатында әр рудың игі жақсыларының басын қосып, солардың дауысын жинау үшін бірнеше күн пікірталасқа құрылған халық жиындарын ұйымдастырған.

Ресей патшалығына өткеннен кейін, бірінші рет 1822 жылы қазақ даласындағы хандық жүйені жоюға негізделген Сібір қазақтары туралы жарғы қабылданды. Ол құжатта аға сұлтандарды, болыстарды сайлаудың ережелері бекітілген. Аға сұлтандарды болыстар сайлаған, ал болыстар елубасылардың дауыс басымдығымен тағайындалған.

Өткен ғасырдың басында Қазақстан аумағында Ресей империясының Мемлекеттік Думасына сайлаулар өткізілді. Ол кезеңдегі қоғам 14 сословиеге бөлінетін, ал олардың өкілдерінің дауыстары тең емес еді. Сондықтан Думада ірі меншік иелері мен ақсүйектер басымдыққа ие болатын. Ал қазақ халқының өкілдерін бұл парламентте саусақпен санауға болатын. Қазан төңкерісінен кейін Кеңес Одағында балама сайлаулар туралы сөз қозғала бастады.

1937 жылдың наурыз айының 21-26 күндері аралығында өткен Бүкілқазастандық Кеңестердің Х съезі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады. Жаңа Конституцияның 20-бабына сәйкес жаңа мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып, төрт жылға сайланатын Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі тағайындалды.  Бүкілқазастандық Кеңестердің Х съезі Жаңа Конституцияны бекіткенен кейін республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау өткізу жөнінде қаулы қабылдап, Қазақ Орталық Атқару Комитетіне сайлау ережесін дайындауды және сайлау күнін анықтауды тапсырды. Конституцияның 112-бабында жаңа жүйедегі сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау негізінде, жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асатындығы белгіленді.

Осы Негізгі заңның 113-бабына сәйкес, депутаттарды сайлау жалпыға, қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының жасы 18-ге толған, нәсіліне, жынысына, ұлтына, діни нанымына және өткен өміріндегі қызметіне тәуелсіз Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутатарды сайлауға және сайлануға құқылы екендігі жарияланды. Қазақстан әйелдерінің сайлауға ер адамдармен теңдей қатысатындығы, әрі сайлануға құқылы екендгі Конституцияның 115-бабында айтылады. 116-баптың негізінде Қызыл Армия қатарында жүрген азаматтар сайлауға және сайлану құқылығына ие болды. Әрбір сайлау округінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бір депутатан сайланды.

Сайлау округтерін құру және осы тақырып төңірегінде мәселелер жергілікті облыстық атқару комитетері төрағаларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ облыстық партия комитеттерінің хатшыларының  тікелей қатысуымен шешіліп отырды. Себебі сайлау округтерін құру барысында  әр түрлі ұйымдастыру  жұмыстарын, атап айтқанда, округтердің шекараларын анықтау, жергілікті кеңестердің атауларының дұрыс жазылмауы, олардың кейбіреулерінің жазған тізімге енбей қалуы секілді мәселелерді шешу қажеттілігі туындап отырды.

Қазақ ССР Жоғарғы Советіне тұңғыш сайлау 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізілді. Жоғарғы Советтің депутаттық корпусын қалыптастыру Коммунистік партияның қатаң бақылауымен, баламасыз негізде өткізілді. Депутаттыққа кандидаттар таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық және жасына қарай белгіленген және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Мемлекеттік органдардың жоғары шенді шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқаратын қызметіне қарай депутаттыққа кандидат болып ұсынылды. Бірінші шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1938-1946 жылдар аралығында атқарған қызметі барысында Жоғарғы Кеңестің сессиясы 9 мәрте шақырылды. Оның ішінде алты сессия соғысқа дейін, жетінші сессия 1944 жылдың сәуір айында, сегізінші сессия 1945 жылдың шілде айында өтті.

Ал тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің сайлау жүйесінің нормативтік базасы елдің демократиялық ұстанымдары, ұлттың тарихи құндылықтары және әлемдік тәжірибелерді негізге алады. Әлемде сайлау жүйесі бір-бірінен айнымай ұқсайтын екі елді кезіктіре алмайсыз. Себебі сайлау жүйесі сол елдің жергілікті ұлтының менталитетіне негізделіп жасалатын саяси-қоғамдық, тарихи-мәдени астары нәзік мәселе. Қазақстандағы сайлау жүйесін қалыптастыруға ықпал етуші екі құжат бар. Біріншісі -1975 жылы Хельсинки қаласында қабылданған Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қорытынды актісі, ал екіншісі-Еуропа елдеріне арналып қабылданған Париж хартиясы.

Сайлаулар демократияның маңызды институттарының бірі болып табылатындықтан, Қазақстанда оған үлкен мән беріліп отыр. Егер біз тарихқа назар аударар болсақ, біздің қоғамның еркін және демократиялық сайлаулар өткізуге енді төселіп келе жатқанын байқар едік. Еліміздің азаматтары осыған дейін әртүрлі сипаттағы көптеген дауыс берулерге қатысуға тура келсе де, олардың сайлаудың шынайы мәнін енді ғана сезіне бастағанын айта кетуіміз керек.

 

Гауһар АЙТЫМБЕТОВА,

Қапшағай қалалық сайлау комиссиясының хатшысы

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация для населения
19 февраля 2025
Центр приема граждан
Информация
30 октября 2024
Цифровая карта избирательных участков области
Газета
22 октября 2024
,

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации