Ұлы Дала Жорығы

Ұлы Дала Жорығы

2025 жылғы 26 сәуірде Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Күренбековтың төрағалығымен өткен көшпелі жиында халықаралық «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінің ұйымдастырылу барысы қаралып, нақты тапсырмалар жүктелді. Осыған орай, Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы ауқымды ұйымдастыру және материалдық қамтамасыз ету жұмыстарын атқарды.

Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс полкін, Десанттық-шабуыл әскерлерін, Ұлттық Ұлан бөлімшесің, №99220 әскери бөлімнің Аумақтық қорғаныс резервінің бригадасы және «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-мен бірлесіп, 300 адамға арналған 60 шатырды жоспарға сәйкес орнатылды.