
2025 жылғы 21-30 сәуір аралығында Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелеріне бекітілген батальонды күзету және басқару ротасының әскери міндеттілерімен жыл сайынғы тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар басталды.
Іс-шараны Алматы облысының әкімдігі ҚР Қорғаныс Министрлігі бекіткен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға және аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға запастағы азаматтарды жауынгерлік даярлау жоспары шеңберінде өткізеді.
Бұл оқу-жаттығу елдің қорғаныс қабілетін арттыруға және аумақтық қауіпсіздік жүйесін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенінің бөлігі болып табылады.
Оқу-жаттығудың бірінші күні, 21 сәуірде Бақанас ауылында ресми түрде тактикалық-арнайы оқу-жаттығу сабақтары басталды, оның мақсаты — дағдыларды пысықтау, жеке құрамның іс-қимылдарының дайындығы мен үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқу-жаттығу бағдарламасы теориялық және практикалық дайындықты, тактикалық, атыс, саптық дайындық және медициналық даярлық бойынша сабақтарды, сондай-ақ аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтауды қамтиды.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың жауапкершілігін арттырып патриотизмді, күшейтуге сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар кезінде тәртіпті сақтауға практикалық дайындықты қалыптастыруға ықпал етеді.