
Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев ағымдағы жылы 28 наурызында облыста 2025 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізуін танысу мақсатында Қонаев қаласында орналасқан Облыстық әскерге жинақтау пунктің аралады.
Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиевке 2024 жылдың әскерге шақыру нәтижелері мен әскерге шақырудағы өзекті мәселелер жайлы баяндап, «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-нің базасында ұзақ мерзімді сақтау қоймаларында сақталатын Аумақтық қорғаныс резерві бригадасының материалдық-техникалық мүлігімен таныстырды.
Сонымен қатар, облыс әкміміне жеке қорғаныс құралдары, бақылау камералары және шатыр жабдықтары таныстырылды.