«Біртұтас ел – Біртұтас жер»

«Біртұтас ел – Біртұтас жер»

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы облыстың қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 18 ақпанында Қонаев қаласының шақыру пункті ғимаратында «Біртұтас ел - Біртұтас жер» ережесімен ұштасу мәселесі бойынша оқушыларға дәріс іс-шараларын өткізді.

«Біртұтас ел» - бұл бүкіл Қазақстан халқының тарихына, дәстүрлеріне, рухани құндылықтарына, біздің ғасырлар бойғы мәдениетімізге және ел аумағында тұратын халықтардың тілдеріне құрмет. «Біртұтас ел» қағидатына сүйене отырып, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері кез келген уақытта конституциялық құрылысты қорғауға және төтенше жағдайлардың, табиғи апаттар және басқа да қауіптердің салдарын жоюға қатысуға дайын болуға тиіс. «Біртұтас жер» қағидаты әскери қызметшілердің қасиетті борышы болып табылатын елдің аумақтық тұтастығын сақтауды білдіреді.

«Біртұтас ел – Біртұтас жер» жаңа идеологиялық қағидатының негізгі мақсаты жеке құрамның жоғары жауынгерлік рухын, оның Қазақстан халқына шексіз адалдылығын моральдық-психологиялық тұрақтылығын және қойылған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға дайындығын қолдау болып табылады.