Алматы облысында әскерге шақыру науқаны бойынша кеңес өтті

Алматы облысында әскерге шақыру науқаны бойынша кеңес өтті

 2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, генерал-майор  А. Жоламановтың төрағалығымен әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыстық әскерге шақыру комиссиясының мүшелері, облыстың аудандары мен қалаларының әскерге шақыру комиссияларының төрағалары, сондай-ақ облыстық ішкі саясат және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Алматы облысында жүргізіліп жатқан әскерге шақыру науқанының барысы, туындаған проблемалық мәселелер, атқарылған жұмыстар, сондай-ақ алдағы міндеттер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша генерал-майор А. Жоламанов Алматы облысында әскерге шақыру науқаны аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеді.