
«Қазақстан Республикасының 2026 жылға арналған жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар» жоспары және «Алматы облысының 2026 жылға арналған жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар» жоспары негізінде 2026 жылы 9 маусымда «Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің бейбіт уақыттан әскери жағдайға ауысуы» тақырыбында жұмылдыру жаттығуы өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – хабарлау және жинау жүйесінің дайындығын тексеру, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарын тәжірибеде пысықтау болды.
Іс-шара барысында дабыл сигналын алған кездегі басқару органдарының, бақылау тобының және аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлердің іс-қимылдары тексерілді. Қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.
Жаттығу қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсынымдар беріліп, жұмылдыру дайындығын одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.
Жаттығу жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, ауданның жұмылдыру дайындығы деңгейін арттыруға бағытталды.