
Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес 2026 жылғы 31 наурызда,
Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігі және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, бейбіт уақыттан әскери жағдайға көшуге арналған кешенді жаттығу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындауы кезінде азаматтық қорғау жүйесінің әрекет тәртібін ұйымдастыру бойынша кешенді жаттығу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың үйлестірілген әрекетін қамтамасыз ету, бейбіт уақыттан әскери жағдайға көшу кезінде басқару органдарының дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру болды. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың бейбіт уақыттан әскери жағдайға көшу кезіндегі әрекеттері түсіндіріліп, тиісті нұсқаулар берілді. Сонымен қатар, қосалқы басқару пунктінің дайындығы, хабарлау және байланыс жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті тексерілді. Оқу-жаттығу шаралары барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.