2025 жылы 29 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында «Есік-2025» запастағы әскери міндеттілердің тактикалық-арнай жаттығулары өтуде. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында, әскери міндеттілерді қысқа уақытта таңғы дене жаттығуы, қоян-қолтық ұрысын, атыс қаруынан атуды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді №99250 әскери бөлімі аумақтық қорғаныс резервінің бригадасымен үйретті. «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-сі аталған тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға әскери міндеттілерді материальдық-техникалқ құралдармен, тамақатандырумен, жеткізумен, шаш алуды және моншаға түсірумен қамтамассыз етті. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігін, медициналық көмекті қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.