Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы
Алматы облысында әскерге шақырылғанға дейінгі және әскерге шақырылатын жастармен ақпараттық-идеологиялық жұмысты күшейту бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары бекіткен негізгі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, әскери қызметке құрмет көрсету,ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ әскери борышты саналы және жауапты өтеуге дайындау. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының төрағалығымен бекітілген іс - шаралар жоспары шеңберінде шақыру комиссияларының төрағаларымен-аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларымен, ішкі саясат, білім басқармасының және жастар саясаты басқармасының өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді. Жұмыс кеңесінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша келесі нақты міндеттер қойылды:
-Ақпараттық-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру:
- Әскери қызметшілермен, ардагерлермен, ЖАО және қорғаныс істері департаментінің өкілдерімен кездесулер өткізу;
- Дәрістер, семинарлар, «Армия – батылдық мектебі», «Менің міндетім – Отанды қорғау» тақырыптарындағы отырыстар;
- Мектептер мен колледждердегі күш құрылымдар өкілдерінің сөз сөйлеуі;
- Бейнероликтерді, сұхбаттарды, әлеуметтік плакаттарды дайындау және тарату;
- Әлеуметтік желілердегі жұмыс: патриоттық айдарлар, челлендждер, әңгімелер;
- БАҚ-та армия тарихы, ерліктің мысалдары, сарбаздардың күнделікті өмірі туралы материалдарды орналастыру;
- «Әскерге шақырылушы күндерін» облыстық және аудандық деңгейде өткізу. Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша барлық мүдделі басқармалар және аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне қойылған міндеттерді орындаудың нақты мерзімдері анықталып, күзгі әскери қызметке шақырудың басталуына орай ай сайын жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат беруді тапсырылды.