99220 әскери бөлімінде суицидтің алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту шаралары

99220 әскери бөлімінде суицидтің алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту шаралары

Әскери бөлімінің №99220 Аумақтық қорғаныс резерві бригадасының бөлімінде 2024-2025 жылдары суицидтің алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Аптасына екі рет ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық мамандар қауіпті тұлғаларды анықтап, олармен арнайы жұмыстар жүргізіледі.

Әскери қызметшілердің психикалық жай-күйін тұрақтандыру және қызметтік күйзелістерді жеңуге бағытталған сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бөлімше командирлері мен медицина қызметкерлері суицидтің алдын алу бойынша іс-шараларды үйлестіріп, бақылау күшейтілген режимде жүргізіледі.

«Жауынгерлік дос» жүйесі енгізіліп, әрбір әскери қызметші өз әріптесінің психологиялық жағдайын қадағалап, көмек көрсетуге міндетті. Отбасы институтын нығайтуға да баса назар аударылып, әскери қызметшілердің отбасыларына консультациялық көмек көрсетіледі.

Сонымен бірге, әскери ұжымның моральдық жағдайын жақсарту үшін спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, қызметшілердің денсаулығы мен рухани дамуына көңіл бөлінеді.

Бұл шаралар бөлімдегі психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әскери қызметшілердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.