Алматы облысы әкімдігі шомылу маусымында бақылауды күшейтуде

Алматы облысы әкімдігі шомылу маусымында бақылауды күшейтуде

Ыстық ауа райының тұрақты орнауына, жазғы демалыстың жақындауына және шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Осыған орай, Алматы облысының әкімдігі өңір тұрғындары мен қонақтарының су жағасында қауіпсіз демалуына жағдай жасау мақсатында профилактикалық және ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Шомылу маусымында қауіпсіздік шаралары туралы» бұйрығына және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша берілген тапсырмаларға сәйкес облыс аумағында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:

- су айдындарында рейдтер мен патрульдеу жұмыстары;

- халық арасында түсіндіру және алдын алу шаралары;

- жаппай демалысқа арналған ресми шомылу орындарын кеңейту;

- шомылуға тыйым салынған аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Аталған шаралар жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасауға бағытталған.