Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары Қияс Ақберген, Гүлнар Құраметова Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында 2024 жылы салынған жаңа дәрігерлік амбулатория жұмысының барысымен танысты.
Бұл маңызды жоба ауыл тұрғындарының денсаулығына көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, медициналық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Әр ауылдың өзінде заманауи медициналық мекеменің болуы - аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен қадам.
Сондай-ақ, Шелек ауылындағы №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына да атбасын бұрды. Аурухана 1974 жылы салынған. Бастапқыда емхана 50 адамға ғана қызмет көрсететін, ал бүгінгі күні 300 адам қабылдайды. Осыған орай, ауруханадағы кабинеттердің жетіспеушілігі мен медициналық қызмет көрсету мәселелері туындауда.