Құрметті Ер азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – жүректе отансүйгіштік пен рух биіктігін көрсететін айрықша мереке. Қазақ халқы ежелден: «Ер елінің қорғаны», деп, ел қорғаған ерлерін ұлықтаған. Осы дәстүр бүгінгі таңда да өз маңызын жойған жоқ.
Бүгінгі Отан қорғаушы – тек қолына қару ұстаған жауынгер ғана емес, елдің тыныштығын, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әрбір азамат. Сіздердің ерен еңбектеріңіз – мемлекетіміздің бейбіт болашағының кепілі.
Отан алдындағы парыз – ең үлкен абырой. Елге қызмет ету – нағыз ердің ісі. Сондықтан да Сіздерге зор денсаулық, қажырлы еңбек, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Отанымыз аман, тұғырымыз биік болсын!
Құрметпен,
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев