Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Алматы облысында да жалғасын тапты.
Облыстық мәслихат пен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Көшпенділер қалашығы маңындағы Іле өзені жағасында кең ауқымды сенбілік өтті. Бұл өңір – ішкі туризмнің маңызды нысандарының бірі, алайда өкінішке қарай, соңғы жылдары тұрмыстық қалдықтар мен пластикалық бөтелкелерге толып кеткен.
Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанғазиев, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер мен жастар қатысып, 300-ден астам адам жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде жиналған қоқыс арнайы техникамен шығарылды.
Бұл бастаманың мақсаты – тарихи мұрамыз және табиғиғатымызды қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатты келешек ұрпаққа таза күйінде аманаттау. Сонымен қатар, сенбілік Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылды.
🍀Осы бастаманы әрі қарай жалғастыру мақсатында Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстық мәслихаттарына жолдаймыз!