Наурыз айында облыстық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдады

Наурыз айында облыстық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдады

2025 жылдың наурыз айында облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев пен облыстық мәслихат депутаттары Л.Тұрлашов, Б.Ушуров, Б.Нұрбеков, Н.Бокыбаев, Г.Құраметова, Б.Атайбеков, Қ.Бекиев, А.Құнанбаева, А.Төлепбергенова, Р.Өтембаев, М.Увалиев және А.Заирова сайлаушылармен кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Қабылдауға 38 өтінішпен 40 азамат келді. Оның ішінде 10 азаматтың мәселесі сол мезетте шешілді. Ал қалған өтініштерге қатысты заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде тұрғындар жарықтың жиі өшуі, электр желілерінің ескіруі мәселелерін көтеріп, оларды жаңарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ауыз су тапшылығы мен су жүйесінің тозуы, білім беру саласындағы мәселелер, инфрақұрылым, абаттандыру, әлеуметтік көмек көрсету және футбол алаңдарын салу қажеттілігі де айтылды.

Қабылдауға қатысқан азаматтардың өтініштері мұқият тыңдалып, әрбір мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес түсініктемелер берілді.