Жаңа 2025 жыл құтты болсын!

Жаңа 2025 жыл құтты болсын!

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – жаңа үміттер мен мүмкіндіктердің бастауы. Әрбір жаңа күн бізге жаңа белестерге жетелейтін қуат пен күш береді. «Өткеннің сабағы – болашақтың бағы» дегендей, өткен жылды қастерлеп, жаңа жылға жаңаша қадам басайық. Өмірімізге сенім мен үміт, қуаныш пен сәттілік толсын!

2025 жыл облысымыз үшін табысты, берекелі әрі жарқын жыл болсын. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген сөзді ұмытпай, біз тек бірге болсақ қана өз мақсаттарымызға жетіп, барлық қиындықтарды жеңе аламыз. Әрбір шаңыраққа мол бақыт, тыныштық, денсаулық және жақсылық тілеймін. Бір-бірімізді қолдап, ынтымақтастықта бола отырып, облысымызды гүлдендіру үшін бәріміз бірге еңбек етейік.

Қиындықтар бізді шыңдайды, ал жетістіктеріміз бірлігіміздің жемісі. Жаңа жыл сіздерге жаңа үміттер мен арман­дар алып келсін, ал біздің ортақ мақсатымыз – жақсы өмір сүру мен өркендеу үшін күш салуға ұмтылу болсын.

Жаңа жыл құтты болсын! Бақыт, денсаулық және молшылық әрқашан сіздермен болсын!

 

Ізгі ниетпен,
Облыстық мәслихат төрағасы                                                             Қ. Байғоджаев