Қазан айында облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев және мәслихат депутаттары Ж.Алтангадас, С.Әділханов, Н.Әлиев, М.Бигелдиев, С.Горяной, Д.Жарасбаев, Ж.Жазыкпаева, Е.Жақсыбаев, А.Илахунов, Е.Құсайынов, А.Құнанбаева, С.Нұрдаулетов, Б.Нұрбеков, Н.Орынбасаров, А.Сембаев сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына келген 89 азаматтың өтініштері тыңдалып, оның ішінде 42 азаматтың өтініштері сол мезетте қанағаттандырылды. Ал қалған азаматтардың өтініштеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта кезең-кезеңмен шешілетіндігі түсіндірілді. Азаматтардың өтініштеріне байланысты тиісті мемлекеттік мекемелерге 4 депутаттық сауал жолданды.
Жеке қабылдауда тұрғындардың көкейлерінде жүрген интернет байланысының нашар істеуі, амбулаторияның апатты жағдайы, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, кейбір мал қорымының қараусыз қалуы, көше бойларына жол белгілерін орнату, автотұрақ орындарын белгілеу, тұрғын үй, инфрақұрылым, газ құбырларын тарту, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, көше жарық шамдарын орнату, ауыз су мәселелері тыңдалды.