
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және білім алушылар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні – еліміздің болашағы үшін маңызды кезең. Осы күндері жаңа оқу жылының басталуымен қатар, өзіне жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейтін барлық білім алушылар мен ұстаздарға деген құрметіміз артады.
Сіздердің еңбектеріңіз бен талпыныстарыңыз арқылы білімнің шуағы мен ғылыми ізденістің жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізетіндеріңізге сеніміміз зор.
Сіздердің әрқайсыңыздың білім жолындағы күш-жігеріңіз бен табандылығыңыз ел игілігіне қызмет етеді.
Жаңа оқу жылы табыстарға толы, қызықты оқиғалар мен жетістіктерге бай болсын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа оқу жылында үлкен сәттілік тілеймін!
Құрметпен, Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қ. Байғоджаев