Мәслихат төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мәслихат төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті Жерлестер!

Жүрегіміз асқақ сезімге бөленетін осынау берекелі күнде еліміздің мұсылман қауымын, барша халқымызды бейбітшілік пен мейірімділік белгісі болған Құрбан айт мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Құрбан айт мерекесі күні дүниежүзінің мұсылман қауымы мерекелік айт намазын оқып, Алла Тағалаға жалбарынып, құрбандық шалып, туған-туыстарымен, көршілерімен, мұқтаж жандармен бөліседі. Яғни, Құрбан айт – тазару мен қайырымдылықтың мерекесі.

Бұл мереке елімізге, күллі мұсылман әлеміне игілік болып, молшылық пен береке әкелсін деп тілеймін.

Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз бақ-береке мен ырыс-ынтымаққа толсын.

Алла Тағала келесі Құрбан айтты аман-саулықта қарсы алуымызды нәсіп етсін!

Ізгі ниетпен, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев