Қымбатты ұстаздар!
Баршаңызды бүгінгі ұстаздардың төл мерекесі - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздық қызмет – қоғамдағы ең құрметті де қадірлі мамандықтардың бірі. Өйткені адами қасиеттерді бойына сіңірген шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүректерінде білімге деген құштарлықты және Отанына деген сүйіспеншілікті оятады. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді.
Елім дегенде еңсесін тіктейтін, жерім дегенде жігерленетін, оттай жалынды ұрпақ тәрбиелеу - сіздер мен біздердің қолымызда. Білектің күшіне сенген заманда бабаларымыз міндетін орындады, білімге сенген заманда аманатты орындау – сіз бен бізге парыз деп білемін!
«Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі» - деп ұлы бабаларымыз айтқандай, шәкірттердің жүрегіне білімнің нұрын сеуіп, Еліміздің жарқын болашағы үшін тиянақты білім, тәлімді тәрбие берудегі игі істеріңіз баянды болсын!
Сіздерге осындай зор сенім жүктей отырып, кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтай отырып, халқымыздың ең қымбат байлығы білімді де тәлімді ұрпақ тәрбиелеуде қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін Алғыс білдіремін!
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, бастамаларыңызға сәттілік, бақ-береке тілеймін!
Мерекелеріңіз мерекеге жалғассын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгі желбірей берсін!
Ізгі ниетпен, Т.Байедилов
Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы