30 тамыз - Конституция күні

30 тамыз - Конституция күні

Құрметті жерлестер, достар!

Сіздерді бүгінгі 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған  Ел Конституциясы – бүгінде Қазақстан халқының береке-бірлігін нығайта түсті.

Кемел келешектің кепілі болған Ата Заңымыз сіздер мен біздің құқығымызды қорғап, бейбіт өмір сүруімізді қамтамасыз етеді.

«Бүтін болса – ел жақсы» дегендей, тарихы барынша терең Қазақ хандығының тұғыры қандай биік болса, асыл текті, тамыры мықты халықтың Тәуелсіздігі де – сондай мәңгілік болмақ.

Адамның өмір сүру құқығын ең асыл құндылық ретінде танитын  осы – біздің Конституциямыз.

Береке мен бірліктің бастауы болған, тыныштық пен ынтымақтың негізі болып табылатын, Ата Заң аясында бақытты өмір сүріп, баянды болашақ үшін жасаған еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын!

Сан ұлттың жерұйық мекеніне айналған, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, өркендей берсін!

Мәңгілік Еліміздің асыл армандарын орындау жолында баршаңызға сәттілік, бейбіт өмір, күш-қайрат тілеймін.

Конституциямыз – Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғырына айналсын!

 

Құрметпен, Т.Байедилов

Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы