
Алматы облысының аумағында орналасқан облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарының назарына
«Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Алматы облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласында, Жамбыл көшесі 13/1 (Қонаев қаласының Мәдениет үйі) өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 09:00-де басталады.
Алматы облыстық
мәслихатының төрағасы Қ.С. Байғоджаев