
Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды
Көпшілік тыңдаулар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізіледі.
Көпшілік тыңдаулар барысында келесі мәселелер қаралады:
1. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу мәселесі.
2. Еңбекшіқазақ ауданындағы білім беру ұйымдарының балансындағы пайдаланылмайтын 6 коммуналдық меншік объектісін сауда-саттыққа шығару мәселесі:
2.1. Алға ауылы, Сұлтанбай көшесі, 53А мекенжайында орналасқан Алға орта мектебінің бұрынғы ғимараты;
2.2. Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашаруа ауылы, Одаманов көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жаңашаруа орта мектебінің бұрынғы ғимараты;
2.3. Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашаруа ауылы, Одаманов көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жаңашаруа мектебінің бұрынғы клуб ғимараты;
2.4. Достық ауылы, Кенжебаев көшесі, 10-құрылыс мекенжайында орналасқан Қаратұрық орта мектебінің бұрынғы ғимараты;
2.5. Ж. Қайыпов ауылы, Дарханбаевтар көшесінде орналасқан бұрынғы «Қазақстан» мектебінің ғимараты;
2.6. Қайнар ауылы, Жәпеков көшесі, 2Б мекенжайында орналасқан Қызыл Қазақ бастауыш мектебінің бұрынғы ғимараты.
3. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты пайдаланылмайтын 1 коммуналдық меншік объектісін сауда-саттыққа шығару мәселесі:
3.1. Іле ауданы, Ынтымақ ауылында орналасқан ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) ғимараты.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 5 тамыз, сағат 10:00.
Өтетін орны: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 5Б, Alatau Hub (2-қабат).
Барлық ниет білдірген азаматтарды ашық пікір алмасуға және талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.
Анықтама телефоны: 8 (72772) 20346
Электрондық пошта: info@almoblmaslihat.gov.kz