
2026 жылдың маусым айында облыстық мәслихат депутаттары Н.Бокыбаев, А.Асылов, Ж.Бектасов, Қ.Ақберген, С.Сәрсеков, Е.Құсайынов, Р.Өтембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Депутаттардың қабылдауына келген 25 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 18 азаматтың өтініштерінің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды.