
Алматы облыстық мәслихатының дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал және наразылық білдіруші топтармен жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ білім сапасын арттыру мақсатында цифрлық білім беру мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қаралды.
Бұдан басқа, психологиялық көмек көрсету жүйесінің тиімділігі және балалар суицидінің алдын алу, спорт секциялары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы пайдаланылмайтын нысандардың жай-күйі талқыланды.