Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!

Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал қызмет етудің, халық сенімін ақтаудың және қоғам алдындағы жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен отансүйгіштік қасиеттеріңіз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына берік негіз қалайды.

Мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді байланысты нығайтуда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Халық игілігі жолындағы табанды қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, қызметтеріңізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Ел дамуы жолындағы абыройлы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мәртебелеріңіз асқақтай берсін!

Құрметпен,
Облыстық мәслихат төрағасы  Қ.Байғоджаев