
2026 жылдың наурыз айында облыстық мәслихат депутаттары Л.Тұрлашов, Б.Ушуров, Н.Бокыбаев, Г.Тусибиянова, Қ.Ақберген, Ә.Төлепбергенова, Р.Өтембаев, Ж.Алтанғадас, Н.Түймелиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Депутаттардың қабылдауына келген 32 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 14 азаматтың өтініштерінің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды.