
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен ардақты қонақтары!
Сіздерді жер-дүниені жаңартып, жүректерге жылулық ұялатқан ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – бұл тек мереке емес, бұл – үміттің оянуы, өмірдің қайта түлеп, жаңа тыныс алуы. Табиғатпен бірге адам жаны да жаңарып, жүректер мейірімге, ниеттер ізгілікке толатын ерекше кезең. Күн мен түн теңелген осы сәтте әр шаңыраққа береке мен бақыт, әр отбасына амандық пен қуаныш тілеймін.
Көктемнің әрбір шуағы сіздерге шаттық сыйлап, әрбір атқан таң жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Ынтымақ пен бірлік артып, еліміздің еңсесі биік, келешегі кемел болсын!
Ақ мол болсын, ырыс тасысын, бақ-береке әр үйге қонсын!
Ұлыс оң болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ізгі ниетпен Қуат Байғоджаев