
Құрметті шахмат сүйер қауым!
2026 жылғы 25 ақпанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округінің Мәдениет үйінде бұқаралық ақпарат құралдары мен денсаулық сақтау саласы өкілдері арасында жылдам шахматтан Алматы облысының Кубогы өтеді.
Турнир 2026 жылғы Сенат Кубогы аясындағы 1/8 финал кезеңі шеңберінде ұйымдастырылады.
Жарыстың мақсаты – шахматты интеллектуалдық спорт түрі ретінде кеңінен насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру және республикалық кезеңге жолдама алатын үздік ойыншыларды анықтау.
Турнир ФИДЕ талаптарына сәйкес швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Әр қатысушыға 10 минут уақыт беріліп, әр жүріске 5 секунд қосылады (бірінші жүрістен бастап).
24 ақпанда қатысушыларды тіркеу және мандат комиссиясының отырысы өтеді. 25 ақпанда салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылып, ойындар ойнатылады және сол күні жеңімпаздар марапатталады. 26 ақпан – қатысушылардың қайту күні.
Жарысқа Алматы облысының БАҚ өкілдері (журналистер, редакторлар, корреспонденттер, теле-радио жүргізушілер, операторлар, баспасөз қызметі мен PR-мамандары, интернет-портал қызметкерлері, сондай-ақ аудиториясы 5000-нан асатын блогерлер) және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері (дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер, медициналық ұйымдар мен жеке орталықтар мамандары) қатыса алады. Қатысушылардың классика, рапид немесе блиц бойынша рейтингі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес 2000-нан аспауы тиіс.
Жүлде қоры Қазақстан шахмат федерациясы тарапынан қарастырылған. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және ақшалай сыйақымен марапатталады:
I орын – 35 000 теңге,
II орын – 30 000 теңге,
III орын – 25 000 теңге.
Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша қосымша жүлделер беріледі.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар «Senat Open» III ашық Кубогының ширек финалына жолдама алады.
Байланыс деректері:
Турнир директоры – Иван Мезенцев
Тел.: +7 705 152 4848
Бас төреші – Виктор Панов
Тел.: +7 707 266 77 04