Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Құрметті жерлестер!


Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен кемелденудің, сабыр мен шүкіршіліктің, мейірім мен ізгіліктің айы. Бұл – жүректерге иман нұры құйылып, жан дүниеміз жаңаратын, береке мен бірлік салтанат құратын ерекше кезең. Осындай қасиетті айда жасаған әрбір игі ісіміз бен ақ ниетті амалдарымыз қабыл болып, шаңырақтарымызда амандық пен құт-береке болсын.

Рамазан – татулықты ту етіп, ағайынның арасын жақындастыратын, мұқтажға қол ұшын созып, қайырымдылық пен жанашырлықты арттыратын ай. Осы айда елімізге тыныштық, жұртымызға ынтымақ, әр отбасына бақ-береке тілеймін.

Құдыретті Алла барша дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жүрегімізге сабыр, көңілімізге қуаныш сыйласын.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Алматы облыстық мәслихат төрағасы                                                      Қ.Байғоджаев