
Құрметті кітапхана қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітапхана – халықтың рухани қазынасы мен мәдени дамуының қайнар көзі.
Сіздер қоғамның білім мен парасат жолындағы шамшырағы болып, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруға зор үлес қосып келесіздер.
Еңбектеріңіз жемісті болып, оқырман құрметі мен ризашылығы арта берсін!
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев