Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының халқымен кездесті
15 тамыз күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бірқатар маңызды нысандарды аралады.
Сапар барысында облыс әкімі өнеркәсіп және туризм салаларындағы жобалардың жүзеге асу барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Жұмыс сапары аясында араланған нысандар:
Тұздыбастау ауылындағы мәдениет үйі – аудан тұрғындарын жеке қабылдау және халықпен ашық кездесу өткізілді.
Шымбұлақ ауылындағы «АМИРАН» ЖШС зауыты – тағам өнімдерін өндіру арқылы өңірдің өнеркәсіп әлеуетін арттырып отырған кәсіпорын.
Рысқұлов ауылындағы «AYKAN RESORT» демалыс орталығы – туризмді дамытуға және отбасылық демалысқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоба.
Сапардың маңызды бөлігі – аудан тұрғындарын жеке қабылдау және халықпен ашық жүздесу болды. Кездесу барысында облыс әкімі және аудан әкімі сөз сөйлеп, тұрғындар көтерген мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастырды.