Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының индустриялық-инновациялық даму, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту, сондай-ақ дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, басқарма басшыларының орынбасарлары, салалық мекеме өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде өңір үшін аса маңызды және өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

🔹 Алматы облысында жер қойнауын пайдалану саласында атқарылып жатқан жұмыстар – пайдалы қазбаларды тиімді игеру, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық міндеттемелерді орындауы мәселелері кеңінен талқыланды. 

🔹 Наразылық білдіруші топтармен жұмыс және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру шаралары – қоғамда әлеуметтік шиеленістің алдын алу, тұрғындардың талап-тілектерін уақтылы зерделеу мен шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, тіл оқыту орталықтарының қазіргі жағдайы, оқытушылармен қамтамасыз ету, оқутушылардың жалақысының аздығы, кадр тапшылығы сынды мәселелер де көтерілді.

🔹 Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар – Алматы облысы аумағында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін жандандыру, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру бойынша қолға алынған шаралар сөз болды. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары мен оқу-ағарту бастамаларына ерекше көңіл бөлінді.

🔹 Ауылдық округ әкімдері аппараттарында жұмыс істеп жатқан жастар нұсқаушыларын облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ балансына беру мәселесі – жастар саясатын тиімді жүзеге асыру және кадрлық әлеуетті күшейту мақсатында көтерілді. 

Отырыс соңында әрбір мәселе бойынша ұсыныстар мен шешімдер қабылданып, оларды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.