Алматы облыстық мәслихатының кезекті
L сессия отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
- Алматы облысының 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы.
- Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының
2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
- Құрылыс басқармасының Алматы облысының даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есебі.
- Денсаулық сақтау басқармасының Алматы облысының даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есебі.
- Жер қатынастары басқармасының бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, Алматы облысының жер ресурстарын пайдалану және қорғау жай-күйі (оның ішінде пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою, жер учаскелерін беру мен олардың нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығы) туралы есебі.
- Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 44-247 «Алматы облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 44-248 «Алматы облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 қарашадағы
№ 36-192 «Алматы облысының Талдықорған қаласы, Текелі қаласы, Қапшағай қаласы және Іле, Ескелді аудандарының көше жарықтандыру желілерін жетілдіру және сыртты жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестік 5 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- «Алматы облысындағы «Шелек» индустриялық аймағын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
- Алматы облысының өңірлік нышанын бекіту туралы
- Алматы облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының экономика бюджет құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының есебі.