Алматы облыстық мәслихатының кезекті
XLIX сессия отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
- Жергілікті атқарушы органның орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөнiндегi есепті қарау туралы.
- Алматы облысы Қонаев қаласының Бас жоспарына (негізгі ережелерді қоса алғанда) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдау туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі «Алматы облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» №20-95 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.
- «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыруға арналған өңірлік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Алматы облысындағы тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы туралы.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы №46-262 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс еңгізу туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №6-38 «Алматы облысында әлеуметтік манызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімнің күшін жою туралы.
- Алматы облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.