Алматы облыстық мәслихатының кезекті
XLVI сессия отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
- Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есебі.
- Алматы облысы әкімдігінің Су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
- Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы.
- Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
- Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілердің тізбесін бекіту туралы.
- Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі «Алматы облысының жол және қоғамдық қауіпсіздік зияткерлік жүйесі арқылы тіркелген деректерді ұсыну қызметі» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» № 24-117 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №13-70 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Алматы облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Облыстық бюджет комиссиясының құрамына өзгеріс еңгізу туралы.
- Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясын құрамын бекiту туралы.
- Алматы облысының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік және өнірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы.