
1968 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында туған.
Білімі – жоғары.
1992 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін бітірген.
Мамандығы - физика-информатика.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы құқықтану.
2004 Агротехникалық университетін бітірген. Мамандығы инженер – механик.
2014 М.Х. Дулати атындағы Тараз қаласының мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы электр энергетика.
Еңбек жолын 1995 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасы бастығының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып бастаған.
1998-1999 жылдары - Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.
1999-2007 жылдары - Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасының Көліктік бақылау комитетінің бас маманы.
2007-2008 жылдары - «Алель-Агро» АҚ директорының орынбасары.
2009-2010 жылдары - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары - Тараз инновациялық университеті проректорының орынбасары.
2012-2013 жылдары - Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і директорының орынбасары.
2013 жылы - «Алатау Жарық компаниясы» ШЖҚ РМК АҚ басшысы.
2013-2015 жылдары - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директорының орынбасары.
2015-2016 жылдары - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры.
2016-2022 жылдары - «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ басқарма төрағасы.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Алатаужарық" АҚ Басқарма төрағасы.
Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, архитектура және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.