«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан

Кеген ауданы тұрғындарының назарына!

Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Қазақстанның барлық облыстың барлық өңірлерінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан бастау алады.
Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат келіп, елдің ең үздік заң өкілдерінен тегін қажет кеңес ала алады. Олардың арасында – белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдар басшылары мен басқалары бар.
Науқанды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, zakon.kz жүйелі басылым, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қазақстанның мемлекеттік билік органдары және ең үздік заңгерлер мен адвокаттар.
«Халық заңгері» науқанын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдары науқанға 8000-ден астам ең үздік сарапшылар және мемлекеттік органдардың шешім қабылдайтын тұлғалары деңгейіндегі өкілдер қатысты. Құқықтық көмек алуға өтініш білдірген азаматтардың. 165 000-нан астамы кеңес алды.
Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 19 а мекен жайында орналасқан Кеген ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында  сағат 11.00-де өткізіледі.