Кеген ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 80 азамат 747 млн теңгеге несие алған

Кеген ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 80 азамат 747 млн теңгеге несие алған

Кеген ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 80 азамат 747 млн теңгеге несие алған

Жергілікті халқының табысын арттырып, күнкөрісін жақсартуға бағытталған маңызды істер «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Осылайша, өңір тұрғындары 2,5 пайызбен несие алу арқылы өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік ашылып отыр. Бұл, әрине, шаруа ісінің шырайын келтіретін, жұмыссыз жастарды алға қарай демейтін жақсы бастаманың бірі.

Шаруаларды жеңілдетілген несиемен қамту жұмыстары Кеген ауданында белсенді жүргізілуде. Жобаға қызығушылығын білдірген Естай Нұрлан жоба аясында жеңілдетілген несиемен ауылшаруашылық техникасын алып, ісін бастағалы жатқан кәсіпкер. Ол «СПК Кеген Агромаш» ауылшаруашылық кооперативінің негізін қалап, 2 дана трактор алды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Кеген ауданындағы 80 кәсіпкер 747 млн теңгеден аса соммада несие алды.