Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының Рамазан айымен құттықтауы

Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының Рамазан айымен құттықтауы

Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының Рамазан айымен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Ораза айы рухани тазару, мұқтаж жандарға көмек қолын созу, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.
Ораза айы— бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды бірік­тіре түсетін ынтымақ мейрамы.
Ораза айындағы игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі.
Ораза қабыл болсын!