
Ауданымызда қыс мезгілін қауіпсіз өткізу мақсатында "Қыс 2019" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу кезіндегі шұғыл әрекет ету жасағының дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында жиын өтті. Іс-шара барысында Аудан әкімінің орынбасары Д.С.Құдабаев арнайы техникаларды тексеріп қана қоймай, жеке құрамының төтенше жағдайда әрекет етуге дайындығын, әрбір қызметкердің оларды жою кезінде өз міндеттерін білуіне үлкен мән берді. Одан бөлек бөлімшелердің жедел жетуі тексерілді, жауынгерлік қабілеті, жеке құрамның өз міндеттерін білуі бағаланды. Авариялар, апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге құтқару жұмыстарының бастапқы кезеңінде, уақытында көмек көрсетуге арналған техника және жабдықтардың бар болуы мен жарамдығына ерекше көңіл аударылды.

